Ормуз бұғазынан кейінгі 24 сағатта 31 кеме өтті. Арасында мұнай танкерлері, контейнерлер мен сауда заттарын тиегендері бар, деп хабарлайды Egemen.kz
Олардың жүрісі Иран Ислам төңкерісі сақшылар корпусының әскери-теңіз күштерімен келісілген. Бұл туралы парсы елінің мемлекеттік ақпарат агенттігіне «Рейтер» сілтеме жасап хабарлады.
Иран билігі ғаламдық сауда үшін қауіпсіз кеме қатынасын қалпына келтіру жолында жүйелі жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді.