• RUB:
    6.64
  • USD:
    518.97
  • EUR:
    607.3
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Сәуір, 2021

Атырауда энергетика басқармасының басшысы қызметінен кетті

656 рет
көрсетілді

Атырау облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы қызметінен кеткені белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz

Облыс әкімі баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, Бауыржан  Тұхфатов өз өтінішіне сәйкес облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы қызметінен босатылды. Өткен жыл сәуірде тағайындалған ол бұл лауазымда бір жыл жұмыс істеді.

Басқарма басшысының жұмыстан кетуіне не себеп болғаны айтылған жоқ.