• RUB:
    6.64
  • USD:
    518.97
  • EUR:
    607.3
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Мамыр, 2021

Қызылордада «Дәрмек» жедел – профилактикалық шарасы басталды

387 рет
көрсетілді

Қызылордада бүгін «Дәрмек» профилактикалық іс-шарасы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыс аумағында 28 мамырға дейін созылатын іс-шара есірткінің заңды айналымы саласында құқық бұзушылықтарды анықтауға бағытталып отыр.

Оның аясында облыстық Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері есірткі құралдарының, психотропты заттардың және прекурсорлардың заңды айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын дәріханалар мен қоймаларға тексеру жүргізеді.