• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 16:04

Ақтауда 8 жастағы бала түзету орталығының терезесінен құлап кетті

Қайғылы оқиға Ақтау қаласындағы түзету орталықтарының бірінде болған. 8 жасар бала терезеден құлап кеткен. 2 айдан соң қайтыс болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Туыстарының айтуынша, оқиға кезінде орталықта үш бала қараусыз қалған. Солардың бірі терезені ашқан сәтте, бөлмеден әуе шары ұшып кеткен. Ұшып бара жатқан шарды ұстамақ болған 8 жасар Нұрәлі үшінші қабаттан құлап кеткен.

Бала ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.

Алматыдағы перзентханада ана мен бала көз жұмды

Дәрігерлер 2 ай бойы оның өмірі үшін күрескен. Бірақ баланы аман алып қалу мүмкін болмаған. Нұрали III топтағы мүгедектігі бар бала болған.

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Бұған дейін Ақмола облысында тыйым салынған аумаққа шомылуға барған 10 жасар баланың суға батып, көз жұмғаны туралы хабарлағанбыз.

Соңғы жаңалықтар