• RUB:
    6.44
  • USD:
    511.92
  • EUR:
    588.91
Басты сайтқа өту
Оқиға 28 Мамыр, 2021

Түркістан облысында жоғалған туристер туралы мәлімет жарияланды

1551 рет
көрсетілді

Түркістан облысының тауларында жоғалып кеткендердің алтауы - Назарбаев Университетінің 4 курс студенттері. Ал біреуі Кентау лицейінің түлегі екені айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Екі жігіт - Ақтөбе, үшеуі - Атырау, қалғаны Орал және Жезқазған қалаларынан келген. Құтқарушылар тауға кеткен жеті адамды үш күннен бері іздестіріп жатыр. 

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғау басқармасының басшысы Қанат Қарабалаевтың сөзінше, бүгін сағат 12:00-ден бастап тікұшақпен іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, Түркістан облысының құтқарушылары Төле би ауданындағы Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында жоғалған жеті адамды іздестіріп жатқаны туралы хабарлаған болатынбыз.