• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 19:57

Қауіпті статистика: елордада балалар қатысқан жол апаттары күрт өсті

Елордада балалардың жол-көлік оқиғаларынан зардап шегу көрсеткіші күрт өскен. Астана қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері кәмелетке толмағандардың қатысуымен 311 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 36,4%-ға көп. Апат салдарынан 412 бала жарақат алып, екі бала көз жұмған, деп хабарлайды Egemen.kz

Құқық қорғау органдарын әсіресе жас велосипедшілердің қатысуымен болатын жол апаттарының көбеюі алаңдатып отыр. Биыл мұндай 52 оқиға тіркеліп, көрсеткіш 20,9%-ға өскен. Соның салдарынан бір бала қаза тапқан. Полиция жақында қала көшелерінде болған жасөспірім велосипедшілерді қағып кету деректерін мысалға келтірді.

Астанада жүк көлігі қаққан бала оқиға орнында көз жұмды

Ведомство өкілдерінің айтуынша, қайғылы оқиғалардың негізгі себептері – балалардың жол қозғалысы ережелерін жеткілікті білмеуі, ата-аналардың салғырттығы, жолды белгіленбеген жерден кесіп өтуі және велосипедтен түспей жаяу жүргіншілер өткелінен өтуі.

Тәртіп бұзушылықтардың алдын алу мақсатында полиция әкімшілік бақылауды күшейткен. Жыл басынан бері 16 жастан асқан 70-тен астам жасөспірім әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Соңғы жаңалықтар