• RUB:
    6.63
  • USD:
    519.58
  • EUR:
    609.36
Басты сайтқа өту
Президент 02 Маусым, 2021

Мемлекет басшысы Жансая Әбдімәлікті жеңісімен құттықтады

315 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Жансая Әбдімәлікті ФИДЕ Гран-приіндегі тамаша жеңісімен құттықтағаны жайлы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли фейсбук парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жеңістің баршамыз үшін зор мақтаныш екенін айтты.

Жансая – ерлер арасындағы гроссмейстер атағына қол жеткізген тұңғыш қазақстандық шахматшы қыз. Оның жетістігі елімізде осы спорттың дамуына тың серпін берері сөзсіз», делінген жазбада.