• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Теннис 25 Маусым, 2021

«Драмаға толы матч»: Елена Рыбакина Истборндағы турнирдің жартылай финалына өтті

172 рет
көрсетілді

Елена Рыбакина Истборнда өтіп жатқан турнирдің ¼ финалынан өтті. Ол латвиялық Анастасия Севастовадан басым түскен, деп жазады Egemen.kz.

Кездесу үш сетке созылып, Рыбакина 2:6, 7:6 (9:7), 7:6 (7:5) есебімен жеңіске жетті.

«Бұл драмаға толы матч болды. Кездесуде жеңіске жеткеніме қуаныштымын. Жалпы алғанда ойын өте жоғары деңгейде өтті. Жартылай финалға жеткеніме ризамын»,  дейді Е. Рыбакина. 

Мач 2 сағат 32 минутқа созылған. Жартылай финалда Елена тағы бір латвиялық спортшы Елена Остапенкомен кездеседі.