Президент инклюзивті білім беру мәселелеріне қатысты заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында мәлім етілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инклюзивті білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойды.