• RUB:
    6.35
  • USD:
    510.78
  • EUR:
    576.06
Басты сайтқа өту
Қоғам 08 Шілде, 2021

Назарбаев Университетінің президенті тауда қайтыс болған студенттердің отбасымен кездесті

688 рет
көрсетілді

Назарбаев университетінің президенті Шигео Катсу киелі Түркістанға келіп, «Сайрам-Өгем» шатқалында қайтыс болған ағайынды студенттердің ата-анасымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еске салайық, Төлеби ауданындағы Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында 7 адамның жоғалғаны туралы хабарлама құтқарушыларға 25 мамыр келіп түскен. Туристер 21 мамырда «Сары-Айғыр» шатқалына бет алып, содан оралмаған.

Жоғалған жеті адамның алтауы Назарбаев университетінің 4 курс студенті болған. Тағы бірі – ентау лицейінің түлегі.

Іздеу жұмыстары барысында жеті жігіттің үшеуі аман табылса, төртеуінің денесі судан табылды. Марқұмдарды іздеу жұмыстары бірнеше аптаға созылды.