• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға 08 Шілде, 2021

Балық аулауға шыққан азамат суға батып кетті

191 рет
көрсетілді

Балық аулауға шыққан 46 жастағы қызылордалық азамат Сырдария өзеніне батып кетті, деп жазады Egemen.kz.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, оқиға 7 шілдеде сағат 23:00 шамасында болған. 1975 жылғы азамат облыс орталығындағы «Рисмаш» аумағында Сырдарияға балық аулауға шығып, оралмаған.

«Облыстық төтенше жағдайлар департаментіне қарасты жедел құтқару жасағынан 4 құтқарушысы 1 техникамен және суға жүзу қайығымен оқиға орнына барды. Іздеу шаралары нәтижесінде азаматтың мәйіті бүгін, 8 шілдеде сағат 6:05-те судан шығарылды», деп мәлім етті облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің маманы Әлия Ережепова.