• RUB:
    6.66
  • USD:
    518.34
  • EUR:
    607.91
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Шілде, 2021

Мемлекеттік қызметке орналастыруға уәде берген

222 рет
көрсетілді

Қызылорда қалалық полиция басқармасы жергілікті тұрғынның арызы бойынша 27 жастағы азаматқа қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабы (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Күдікті мемлекеттік қызметке орналасуға көмектесемін деген желеумен 672 мың теңге көлемінде 2 дана ұялы телефонды несие арқылы өзіне рәсімдетіп алған.

Оған ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды.