• RUB:
    6.65
  • USD:
    521.57
  • EUR:
    601.01
Басты сайтқа өту
TOKYO2020 30 Шілде, 2021

Токио-2020: Владислав Яковлев Олимпиаданың D финалын аяқтады

195 рет
көрсетілді

Ерлер арасындағы академиялық есу бойынша D финалы аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Токио Олимпиадасында Қазақстанның атынан Владислав Яковлев додаға шықты.

Жүзу қорытындысы бойынша қазақстандық 7:03:37 уақытты көрсетіп, бірінші орынға жайғасты. Осылайша, финалдық хаттамада қазақстандық 19-шы болды.

Еске сала кетсек, D тобындағы атлеттер 19-24 орындар үшін жарысады.