• RUB:
    6.39
  • USD:
    510.84
  • EUR:
    579.7
Басты сайтқа өту
Ауа райы 09 Тамыз, 2021

Алдағы күндері 45 градусқа дейін қатты ыстық болады

945 рет
көрсетілді

Синоптиктердің болжауынша, алдағы күндері республиканың батысы мен оңтүстік-батысында 45 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі, деп хабарлайды  Egemen.kz.

«Орталығы Сібірдің батысында орналасқан циклон және онымен байланысты фронтальды бөлімдер, елдің солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарына әсерін сақтайды. Қазақстанның солтүстігінде, орталығында және шығысында кей жерлерде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ жауып, екпінді жел соғады. Бұл аймақтардағы температура фоны түнде 8-15 градус, ал күндіз 17- 22 градусқа дейін жылы болады. Республиканың қалған аумағында кең антициклон құрғақ және шуақты ауа райын қамтамасыз етеді. Республиканың батысы мен оңтүстік-батысында 45 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі», делінген хабарламада.