• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем Бүгін, 13:31

АҚШ-та атыс болып, 12 адам жарақат алды

АҚШ-тың Огайо штатындағы Толидо қаласында Old West End фестивалі өтетін орынның маңында атыс болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алдын ала мәліметтер бойынша, атысқа кем дегенде 2 адам қатысқан. Полиция оларды іздестіріп жатыр.

Вашингтонда тағы да атыс болды: Дональд Трамп шұғыл түрде эвакуацияланды

Толидо полициясының хабарлауынша, атыс салдарынан 12 адам жарақат алды, олардың 2-уінің жағдайы ауыр. Зардап шеккендердің көбі шамамен 20 жаста.

Толидо полициясы күдіктілердің бір-біріне оқ атқан болуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Айта кетейік, Old West End — Толидо қаласының тарихи ауданында жыл сайын өткізілетін екі күндік фестиваль. 

Бұған дейін, АҚШ-та жасөспірімдер арасындағы жанжал атысқа ұласып, салдарынан екі адам көз жұмғаны туралы хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар