Шымкентте үстел теннисі орталығының құрылысы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорттық нысан Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадион аумағында орналасады. Мамандандырылған залда 12 үстел болады және тек аймақта ғана емес, республика көлеміндегі теннисшілер жарыстарға дайындалып, оқу-жаттығу жиындарын өткізіп, турнирлер ұйымдастыра алады. Нысанның аяқталу мерзімі - 2021 жылдың желтоқсан айы.