• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Қыркүйек, 2021

Маңғыстауда карантин талаптары күшейтілді

Маңғыстау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Маңғыстау облысының аумағында карантиндік шектеу шараларын қатаңдату туралы» 2021 жылғы 27 тамыздағы №19 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп жазады Egemen.kz.

Қаулыға сәйкес, облыстағы Халыққа қызмет көрсету орталықтары 5 күндік жұмыс кестесіне ауысты.

ПТР сынамасы теріс немесе бейтарап мәртебесі бар тұрғындар мемлекеттік қызметті кезексіз алады.

Коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Сенбі, жексенбі күндері орталықтар жабық болады.

Соңғы жаңалықтар