• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт Кеше

Қазақстандық қақпашы Чемпиондар лигасында сенсация жасады

Темірлан Анарбеков Еуропалық футболдың басты жұлдыздарымен бір қатарға енді. Статистикалық FlashScore порталы қазақстандық қақпашыны Чемпиондар лигасының үздік ойыншыларының қатарына қосты, деп хабарлайды Egemen.kz

Ол алты матчта орташа 7,7 балл жинаған рейтинг көрсеткен. Бұл көрсеткіш «Арсенал» қақпашысы Давид Райя (7,4) және «Реал» қақпашысы Тибо Куртуа (7,5) нәтижелерінен жоғары.

Қақпашы Темірлан Анарбековке Түркия көз тігіп отыр

 «Анарбеков ең жоғары рейтинг алған қақпашы болады деп кім ойлаған? «Қайрат» топтық кезеңде соңғы орын алды, бірақ олардың қақпасына көп соққы бағытталғандықтан  осындай жоғары деңгейде ойнауына әсер еткен болуы мүмкін», деп жазады FlashScore порталы.

Анарбеков 34 сейв жасады. Одан тек сегіз қақпашы ғана көп доп қайтарған. Ең маңыздысы, ол пайыздық есеп бойынша 4,39 голдың алдын алды және соққыларды қайтару көрсеткіші 72,3% болды. Бұл қазақстандық қақпашының қаншалықты қажет болғанын айқын көрсетеді», - делінген материалда.

Соңғы жаңалықтар