• RUB:
    6.65
  • USD:
    521.57
  • EUR:
    601.01
Басты сайтқа өту
Үкімет 27 Қазан, 2021

ҚР Премьер-Министрі сайтының желідегі парақшаларының жұмысы қалпына келтірілді

137 рет
көрсетілді

ҚР Премьер-Министрі ресми сайтының желідегі ресми парақшаларына фишингтік шабуыл жасалғаннан кейін қалпына келтірілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметінің басшысы Зарина Нұрланова желідегі парақшасында жазды.

«ҚР Премьер-Министрінің ресми сайтының Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшалары KZ-CER «МТҚ» АҚ-мен бірлесіп жүргізілген жұмыс нәтижесінде қалпына келтірілгенін хабарлаймыз», деп жазды ол.

Еске салсақ, бұған дейін ҚР Премьер-Министрі ресми сайтының желідегі ресми парақшаларына фишингтік шабуыл жасалғанын жазған болатынбыз.