• RUB:
    6.6
  • USD:
    519.51
  • EUR:
    611.83
Басты сайтқа өту
Қоғам 11 Қаңтар, 2022

Turkish Airlines Қазақстанға рейстерді қайта бастайды

497 рет
көрсетілді

13 қаңтардан бастап «Turkish Airlines» әуе компаниясы Ыстанбұлдан Нұр-Сұлтанға тұрақты рейстерді қайта бастайды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

14 қаңтардан бастап Ақтауға, 15 қаңтардан Түркістанға рейстерді қайта ашу жоспарлануда. Сондай-ақ Алматыға тұрақты рейстерді қайта бастау жоспарлануда.

«Turkish Airlines» әуе компаниясының рейстеріне билеттерді әуе компанияның сайтынан сатып алуға болады.

Рейстер санитарлық – эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып жүзеге асырылады.