• RUB:
    6.58
  • USD:
    517.45
  • EUR:
    598.59
Басты сайтқа өту
Видео 19 Сәуір, 2022

Елордада жолаушы автобустың терезелерін сындырып тастаған

308 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтанда мас ер адам қоғамдық көліктің терезелерін апат кезінде қолданатын балғамен сындырып тастаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға 17 сәуірде болған.

«Жолаушы мас күйінде авариялық балғамен №7 бағдардағы электр автобусының терезелерін сындырды. Полиция қызметкерлері жанжал шығарған жолуашыны ұстады. Мән-жайлар анықталуда. Осы жағдайға байланысты автобус желіде жүрудің орнына, қажетті қосалқы бөлшектерді сатып алу және оны ауыстыру үшін жөндеу жұмыстарын жүргізуге мәжбүр», деп жазылған елордадағы жолаушылар тасымалына жауапты компанияның хабарламасында.