• RUB:
    6.58
  • USD:
    517.45
  • EUR:
    598.59
Басты сайтқа өту
Күрес 21 Сәуір, 2022

Гүлмарал Ерекебаева Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

350 рет
көрсетілді

Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының қоржыны қола медальмен толықты, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Гүлмарал Еркебаева Ұлан-Баторда өтіп жатқан Азия чемпионатында 76 килода қола жүлдені жеңіп алды. Ол жұбаныш финалындағы қарсыласы, жергілікті балуан Ариунжаргал Ганбатты 7:4 есебімен жеңді. 

Айта кетсек, бұл әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының бүгінгі жарыстағы екінші жүлдесі. Бұған дейін 68 кило салмақ дәрежесінде Мадина Бақбергенова топ жарып, Азия чемпионы атанды.