• RUB:
    6.62
  • USD:
    519.26
  • EUR:
    602.13
Басты сайтқа өту
Спорт 28 Сәуір, 2022

Елордада жасөспірімдер арасында жүзуден ел чемпионаты басталды

208 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласында ұлдар мен қыздар арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

«Барыс Арена» спорт кешенінде өтіп жатқан жарысқа еліміздің барлық аймақтарынан 300-ден астам спортшы қатысуда. 2006-2007 ж.т. және одан кіші спортшылар жүзуден бірнеше санат бойынша өзара мықтыны анықтайды. Атап айтсақ, құлаштап жүзу, брасс, баттерфляй және эстафета бойынша үздіктер анықталады.Байрақты бәсеке төрт күнге созылып, сәуірдің 30-да өз мәресіне жетеді. Топ жарған спортшылар аталмыш жарыста өздерінің спорттық разрядтарын арттыруға мүмкіндік алады.

Аяна Тоғанбек