• RUB:
    6.35
  • USD:
    510.78
  • EUR:
    576.06
Басты сайтқа өту
Президент 31 Мамыр, 2022

Мемлекет басшысы саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының рухына тағзым етті

661 рет
көрсетілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының рухына тағзым етті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы «1932-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына тағзым» монументіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты.

Президент ескерткішке гүл шоғын қойып, саяси қуғын-сүргін және ашаршылық кезінде құрбан болғандардың рухына тағзым етті. Осы іс-шараға нәубет жылдары зардап шеккен отандастарымыздың жақындары мен туыстары қатысты.