• RUB:
    6.63
  • USD:
    520.39
  • EUR:
    609.58
Басты сайтқа өту
Әлем 01 Маусым, 2022

АҚШ-тың ұлттық мереке күнінде бірнеше атыс болды

307 рет
көрсетілді

Демалыс күндері АҚШ-та жаппай атыстың 14 оқиғасы тіркеліп, бірнеше адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

АҚШ-тың 12 штатында америкалық ұлттық мереке – Еске алу күні кезінде болған атыс салдарынан 9 адам қаза тауып, 73 адам жарақат алды. Мұндай жағдайлар Техас штатында болған қырғыннан кейін атыс қаруын бақылауда ұстау туралы үндеулерден соң орын ала бастады. Қазір оқиғаның мән-жайы тергелуде.

Бақылау ұйымының мәліметінше 2022 жылдың басынан АҚШ-тың 34 түрлі штатында, соның ішінде Вашингтон, Колумбия округінде 230 атыс оқиғасы болған.

Салтанат Кенжебай