• RUB:
    6.48
  • USD:
    508.42
  • EUR:
    580.72
Басты сайтқа өту
Әлем 16 Маусым, 2022

Қытайда су тасқынынан 6 адам қаза тапты

367 рет
көрсетілді

Қытайда толассыз жауған жаңбыр салдарынан болған жаппай су тасқыны алты адамның өмірін қиды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, елдің оңтүстік-шығысындағы Фуцзянь провинциясында бір үй құлап, салдарынан үш адам, Қытайдың Гуанси-Чжуан автономиялық ауданында көшкіннің салдарынан тағы екі адам қаза тапты. 

Сонымен қатар Қытайдың солтүстігіндегі Ішкі Моңғолия автономиялық ауданында сел салдарынан бір адам қаза тапты. Сондай-ақ үш адамның тағдыры туралы ештеңе белгісіз. 

Қатты су тасқыны салдарынан маусым айының басынан бері 200 мыңға дейін адам қауіпсіз жерге көшірілген.