• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам 02 Шілде, 2022

«Қазфосфат» кәсіпорында 2 жұмысшы мерт болды

310 рет
көрсетілді

Жамбыл облысы полиция департаментінің алдын ала ақпараты бойынша, жұмысшылар ұсақтау машинасының астында қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.

«2022 жылдың 1 шілдесінде полицияға «Қазфосфат» ЖШС екі қызметкердің қаза тапқаны туралы ақпарат келіп түсті. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 156-бабы 4-бөлігі (Еңбекті қорғау ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», деп хабарлады полиция департаменті.

Қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу жүріп жатыр.

ҚР Қылмыстық іс жүргізу және процессуалды кодексінің 201-бабы аясында сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жарияланбайды.

Соңғы жаңалықтар