• RUB:
    6.62
  • USD:
    518.34
  • EUR:
    607.18
Басты сайтқа өту
Ауыр атлетика 22 Шілде, 2022

Екінші алтын қоржында

185 рет
көрсетілді

Өзбекстан астанасы – Ташкентте өтіп жатқан ауыр атлетикадан жастар және жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына екінші алтын медаль түсті.

Жарыстың кезекті күнінде 67 кило сал­мақ­та сынға түскен отандасымыз Әлішер Байбұров 17 жасқа дейінгілер арасында Азия чемпионы деген атаққа ие болды. Жер­лесіміз серпе көтеруде үш мүмкіндіктің екеуін пайдаланып, бұл сайысты 134 киломен қорытындылады. Ал жұлқа көтеруде 155 кило зілтемірді еңсеріп, қоссайыс қоры­тын­дысы бойынша Сары құрлық бәсекесінің жеңімпазы атанды.

Бұған дейін ел қоржынына алғашқы алтынды 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында 73 килода сынға түскен Едіге Емберді салған еді. Ол қоссайыста 309 (136+173) кило зілтемірді басынан асыра көтерген болатын. Сондай-ақ Емберді серпе көтеруде және қос жаттығу қорытындысы бойынша жастар арасындағы Азия рекордын орнатты. Ал 61 килодағы Азамат Төлеген мен 55 кило салмақтағы Ерасыл Омаров Азия чемпионатының қола жүлделеріне ие болды.

Соңғы жаңалықтар