• RUB:
    6.3
  • USD:
    506.21
  • EUR:
    568.42
Басты сайтқа өту
Әлем 26 Шілде, 2022

Доминиканда туристер мінген автобус апатқа ұшырады

116 рет
көрсетілді

Доминикан республикасының оңтүстігінде жантүршігерлік жол апаты салдарынан 4 адам қаза тауып, 30-ы жарақат алған, деп хабарлайды Egemen.kz Elnacional порталына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, автобус аралдың оңтүстік жағалаудағы Бани қаласынан шыққан. Жол-көлік оқиғасы Лос-Какаос, Сан-Кристобаль муниципалитетіндегі Херманас Мирабаль көшесінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, автобустың тежегіші істен шыққан, соның салдарынан туристер мінген автобус бірнеше көлікке соқтығысқан. 

Жол апаты салдарынан 4 адам қаза тауып, 30-дан аса адам жарақат алған. Зардап шеккендерді өңірлік клиникалық ауруханаға жеткізген. Туристердің қай елдің азаматтары екені әзірге айтылмады.