• RUB:
    6.51
  • USD:
    510.81
  • EUR:
    578.59
Басты сайтқа өту
Оқиға 03 Қыркүйек, 2022

Қостанай облысындағы өрт салдарынан жолдар жабылды

413 рет
көрсетілді

«Қостанай-Әулиекөл-Сурган» автожолының 8-108 шақырымдары аралығында көлік қозғалысына уақытша тыйым салынды, деп хабарлайды Egemen.kz Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

«3 қыркүйек сағат 16:15-те Қостанай облысында болып жатқан орман өртіне байланысты «Қостанай-Әулиекөл-Сурган» автожолының 8-108 шақырымдары аралығында (Тобыл қаласы мен Әулиекөл ауылы учаскесі) автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді», деп жазылған хабарламада. 

Сондай-ақ қосымша хабарламада Қостанай қаласына қозғалыс Қойбағар, Қарасу және Алтынсарин ауылдары арқылы жүзеге асырылатыны айтылған.