• RUB:
    6.63
  • USD:
    520.39
  • EUR:
    609.58
Басты сайтқа өту
Саясат 04 Қазан, 2022

AMANAT: Саяси кеңес отырысы 5 қазанда өтеді

411 рет
көрсетілді

Бүгін «AMANAT» Жарғысының 9.5-тармағына сәйкес, партияның Саяси кеңесі Бюросы 5 қазанда Астана қаласында партияның Саяси кеңесінің отырысын шақыру туралы қаулы етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ертең Саяси кеңестің отырысында 6 қазанда Астанада өтетін «AMANAT» партиясының алдағы XXIV Съезінің күн тәртібін бекіту жоспарлануда.

Естеріңізге сала кетейік, Съезд жұмысына партияның өңірлік филиалдарындағы 20 конференцияның қорытындысы бойынша сайланған 700 делегат қатысады.