• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Президент 30 Қараша, 2022

Мемлекет басшысы Électricité de France компаниясының бас директорын қабылдады

190 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Électricité de France (EDF) компаниясының бас директоры Люк Ремонды қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Люк Ремонмен атом энергетикасы саласына озық технологияларды енгізу мәселесін талқылады.

Мемлекет басшысы қазақстандық мамандар атом энергетикасы саласындағы әлемдік жетекші компаниялардың озық технологияларын зерттеп жатқанын жеткізді.

Сондай-ақ олар жаңартылатын қуат көздері саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективаларын қарастырды.