• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Рекорд Бүгін, 08:00

Әлемдік рекорд орнатты

20 рет
көрсетілді

Алматының Орталық ипподромында қалалық Спорт басқар­масы мен Ұлттық және ат спорты түрлерінің спорт клубы ұйымдастырған Наурыз мерекесін бөле-жарып айта кету керек.

Бұл күннің басты оқи­­ғасы «Топ­жарған» этно­мәдени орталы­ғы ор­нат­қан – екі бірдей әлемдік рекорд. Алдымен Динара Сай­далина түйемен сағатына 35,9 шақырымдық жылдамдықпен желіп отырып, 10 секундта 4 төрт нысананы да дәл көздеп, әлем­­дік рекорд орнатты. Сырттай тама­ша­лаған адамға осының бәрі оңай көрінгенімен, шайқалақта­ған түйенің үстінде тепе-тең­дік сақтай отырып садақ тарту өте қиын әрі асқан шебер­лік­ті талап етеді. Бұл жетістік Гиннестің рекордтар кітабына тіркелді.

Мамандар да нысана көздеудің мұндай түрі ат үстіндегі дәстүрлі садақ атудан әлдеқайда күрделі екенін алға тартып отыр.

«Бұл жарысқа өте ұзақ да­йын­далдық. Қатты уайымдадық десек те болады. Бүгін сол қажырлы еңбегіміз ақталды. Түйемен жаттығып жүргеніме бір жылдай болды, бірақ дәл осы әлемдік рекордқа кейінгі екі айда барымызды салдық. Кейінгі уақыттағы жаңбыр аралас қар дала жаттығуларын қиындатты. Бірақ қажырлы еңбегіміздің нәтижесі бәрін ұмыттырды», дейді Динара.

Келесі рекордты Айқасқа ат­тың үстінде тік тұрып, 500 метр қашықтықты сағатына 43,331 шақы­рымдық жылдамдықпен шауып өткен Ернар Жасұзақ жаңартты.

«Мен үшін бұл рекорд сандар ғана емес, бұл – ұлттық спорттың дамуына қосқан үлесім. Жүгенді ұстамай шабу – еркіндіктің нышаны ғана емес, өжет те қайсар ата-бабаларымыздың қанымен келген қасиет. Олар осынау хас өнерді шебер меңгергенін мақтаныш етемін», дейді Ернар Жасұзақ.

 

АЛМАТЫ 

Соңғы жаңалықтар