• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 11:40

Жазғы маусымда Алакөлге қосымша пойыздар қатынайды

20 рет
көрсетілді

2026 жылдың жазғы маусымында Қазақстан темір жолы шамамен 4,2 миллион жолаушыны тасымалдауды жоспарлап отыр. Оның ішінде 230 мыңға жуық адам Алакөлге пойызбен қатынайды деп күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаз мезгілінде сұраныстың күрт артуына байланысты ұлттық тасымалдаушы 15 қосымша теміржол бағытын іске қоспақ. Алакөлге қатынайтын пойыздар Астана, Алматы, Семей, Өскемен, Қызылорда және Павлодар қалаларынан жүреді.

Қосымша рейстер қатарында «Нұрлы жол – Достық», «Алматы – Достық», «Семей – Достық», «Өскемен – Достық» бағыттары мен бірқатар тіркеме вагондар бар. Сонымен қатар жазғы маусымда «Ақтөбе – Нұрлы жол», «Қарағанды –  Балқаш», «Алматы-2 – Семей» бағыттары бойынша да қосымша пойыздар қатынайды.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ басқарма төрағасы Дияр Нүсіпқожанов жазғы кезеңде курорттық аймақтар мен ірі қалаларға сұраныс жыл сайын өсіп келе жатқанын айтты. Оның сөзінше, жолаушыларға қызмет көрсету үшін 2 мыңнан астам вагон пайдаланылады. Олардың қатарында стандартты вагондар, «Тальго» құрамдары және электр пойыздары бар.

Сондай-ақ вагондардың 86 пайызы кондиционер жүйесімен жабдықталған. Барлық жылжымалы құрам маусым алдында техникалық тексерістен өтіп, санитарлық өңдеуден өткізілген.

Пойыздарда жолаушылар үшін мультимедиялық ойын-сауық порталы жұмыс істейді. Жолаушылар фильм көріп, музыка тыңдай алады. Ерекше қажеттілігі бар азаматтарға арнайы бейімделген вагондар қарастырылған. Сонымен бірге билет рәсімдеу мен вокзалдағы көмек қызметтеріне онлайн өтінім беру мүмкіндігі де бар.

Өзбекстанда екі қабатты пойыздар қатынайды

Жазғы маусымға дайындық барысында Қазақстан темір жолы, «Жолаушылар тасымалы» АҚ, туристік операторлар мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы бірлескен жұмыс кеңестерін өткізіп жатыр. Онда жолаушылар ағынын тиімді ұйымдастыру және сұранысы жоғары бағыттарға қосымша рейстер ашу мәселелері талқылануда.

Билеттер теміржол кассаларында, bilet.railways.kz сайтында және түрлі цифрлық сервистер арқылы сатылып жатыр.

Еске салайық, Абай облысына жұмыс сапары барысында Олжас Бектеновке Алакөлді дамытудың кешенді жоспары таныстырылды.

Соңғы жаңалықтар