• RUB:
    6.41
  • USD:
    511.77
  • EUR:
    593.19
Басты сайтқа өту
Оқиға 20 Қаңтар, 2023

Оралда полицейден жасырынбақ болған жолаушы қаза тапты

253 рет
көрсетілді

Таңертең патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Исатай-Махамбет көшесінде Lexus 570 көлігін тоқтатқан. Жүргізуші патрульдік көлікке барған сәтте Lexus жолаушысы рөлге отырып, жасырынуға тырысқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Өзгенің көлігін басқарған жолаушы Абай даңғылы мен Исатай-Махамбет көшесінің қиылысында үйге соғылып, газ құбыры мен екі электр бағанын бұзды. Көлік басқарған ер адам оқиға орнында қайтыс болды», деп жазылған Polisia.kz таратқан хабарламада.

ҚР ҚК-нің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.