• RUB:
    6.6
  • USD:
    519.51
  • EUR:
    611.83
Басты сайтқа өту
Оқиға 07 Ақпан, 2023

Құтқарушылар мінген ұшақ Түркияның Газиантеп қаласына қонды

372 рет
көрсетілді

Келесі кезеңде жеке құрамды, техника мен жабдықты түсіру, сондай-ақ жергілікті билік органдарымен өзара іс-қимыл жасау жұмыстары басталады, деп хабарлайды Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құтқарушыларға іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін арнайы аумақ бекітіледі.

Еске сала кетейік, ТЖМ құтқарушыларының иелігінде арнайы құрал-жабдықтар, атап айтқанда: гидравликалық және пневматикалық жабдықтар, гидравликалық домкраттар, пневмодомкраттар, перфораторлар, жарықтандыру құралдары, палаткалар, спутниктік терминал, каркасты модуль, автотехника бар.