• RUB:
    6.6
  • USD:
    519.51
  • EUR:
    611.83
Басты сайтқа өту
Әлем 08 Ақпан, 2023

Түркиядағы жер сілкінісінен көз жұмғандар саны алты мыңнан асты

340 рет
көрсетілді

8 ақпандағы жағдай бойынша Түркияда жойқын жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандардың жалпы саны 6 мыңнан асты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркияда жер сілкінісі құрбандарының саны 6 234-ке дейін өсті. Тағы 37 011 адам түрлі дене жарақаттарын алды. Сондай-ақ жер асты дүмпулері салдарынан 5 775 ғимарат қираған. Бұл ақпаратты Түркияның табиғи апаттар мен төтенше жағдайларды жою басқармасы растаған.