• RUB:
    6.6
  • USD:
    519.51
  • EUR:
    611.83
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Ақпан, 2023

Қызылорда облысының тұрғынынан 26 ақбөкен ұшасы тәркіленді

482 рет
көрсетілді

Қызылорда облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері, Арал аудандық полиция бөлімі мен «Охотзоопром» РМҚК бірлескен жедел-іздестіру жұмыстары барысында ауданның 37 жастағы тұрғынының үйінің ауласында 26 ақбөкен ұшасы тәркіленді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазіргі уақытта осы факт бойынша ҚР ҚК 339-бабының 2-бөлігі бойынша «Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер немесе жануарлар түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз қарым-қатынас жасау» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

«Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасын тағайындау туралы мәселе шешілуде. Сараптама тағайындалды», делінген Қызылорда облысы ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.