• RUB:
    6.39
  • USD:
    510.84
  • EUR:
    579.7
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Ақпан, 2023

Шымбұлақ-Эдельвейс тасжолы жабылды

535 рет
көрсетілді

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Аюсай шатқалынан жоғары қарайғы жол учаскесі мен Шымбұлақ-Эдельвейс тасжолы жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«25 ақпанда Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің алаптарында айтарлықтай жауын-шашынның түсуіне және қар жамылғысының тұрақсыз жай-күйіне байланысты Аюсай шатқалынан жоғары жол учаскесі жабылып, Шымбұлақ-Эдельвейс тасжолы бойына блок бекеттер қойылды», делінген Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.

Департамент мәліметінше, аталған орында полиция департаментінің 2 экипажы кезекшілікке қойылған.