• RUB:
    6.39
  • USD:
    510.84
  • EUR:
    579.7
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Наурыз, 2023

Атырауда ұрланған қару-жарақтар табылды

351 рет
көрсетілді

Атырау полицейлері қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақтарды тапты, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

28 ақпан күні Атырау облысы ПД қызметкерлері «Қару»  жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде Ақсай елдімекені тұсындағы Жайық өзенінің жағалауында қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақтың сақталған жерін анықтаған.

Тексеру кезінде Атырау облысы ПД жылдам қимылдайтын арнайы жасағына тиесілі Форт-500М мылтығы, үш 12 мм калибрлі патрон, екі ГСЗ ДК-130 СГ граната, бір ПР 54 резеңке таяқша және жеке қорғаныс құралдары, оқ өтпейтін кеудеше, каскалар табылып, тәркіленді.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабының 2-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.