• RUB:
    6.6
  • USD:
    519.51
  • EUR:
    611.83
Басты сайтқа өту
Елорда 01 Сәуір, 2023

Астананың сауда орталығында эскалатор құлап, 3 адам зардап шекті

501 рет
көрсетілді

Астанадағы «Сарыарқа» сауда ойын-сауық орталығында эскалатор істен шығып, 3 адам зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Төтенше жағдай кезінде эскалатор үстінде жиырмаға жуық адам болған.

«Алдын ала мәлімет бойынша, эскалатор 3-қабаттан 2-қабатқа құлаған. Оқиға кезінде эскалаторда 20-ға жуық адам болған. Апат салдарынан екі ересек адам мен бір бала жеңіл жарақат алған. Оларды жедел жәрдем қызметі тексеріп жатыр», деп хабарлады ТЖМ-нің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Ресми мәліметке сәйкес, дәрігерлердің қарауынан кейін тұрғындар үйлеріне жіберілді.