• RUB:
    6.6
  • USD:
    519.51
  • EUR:
    611.83
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Сәуір, 2023

Кентауда үш қабатты үй өртеніп, 50 адам эвакуацияланды

420 рет
көрсетілді

1 сәуірде Кентау қаласындағы үш қабатты тұрғын үйдің төбесі өртеніп кетті. Өрт сөндірушілер 50 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өрт орнына Түркістан облысы ТЖД күштері мен құралдары жіберілді. Өрттің ауданы 4 шаршы метрді құрады.

«Өртті сөндіруге Түркістан облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жеке құрамының 10 адамы мен 4 техникасы жұмылдырылды, олар өртті жедел жойып, адамдарды қауіпсіз жерге көшірді», делінген облыстық ТЖД таратқан хабарламада.

Оқиға орнынан 50 адам эвакуацияланды, оның 10-ы - бала.

Қазіргі уақытта өрттің себебі мен мүліктік залалы анықталуда.