• RUB:
    6.3
  • USD:
    509.51
  • EUR:
    570.6
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Маусым, 2023

Төтенше жағдайлар департаменті алматылықтарға үндеу жасады

244 рет
көрсетілді

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті 14-16 маусым аралағында жоғарғы өрт қауіпі сақталатынын ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті  қала тұрғындары мен қонақтарына:

таулы-орманды алқаптарға барғанда өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын сақтауды; тамақ жасау үшін арнайы ас пісіру құрылғыларын қолдануды; темекі шекпеуді, тұтанған сіріңке және темекі қалдықтарын тастамауды; күн сәулесімен тез тұтанатын бөтелкелерді, шыны сынықтарын, басқа да тұрмыстық қалдықтарды қалдырмауды және шөптің үстіне от жақпауды ұсынады.