• RUB:
    6.26
  • USD:
    516.01
  • EUR:
    582.47
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Қараша, 2023

Айына 25 мың теңге: 13 адам қаза тапқан хостел өртке дейін қандай болған?

2935 рет
көрсетілді

Өртке дейін Алматы хостелінің 2 GIS қосымшасындағы рейтингі ең жоғары деңгейде болған. Қазір қосымшаны қолданушылар пікір алаңына наразылықтарын жарыса жазып, рейтинг көрсеткіші 4,3-ке дейін төмендеген, деп жазады Egemen.kz.

Қосымшада орналастырылған суреттерге назар салсақ, төсек-орындар бір-біріне тым жақын, тығыз орналасқан.

Жертөледе жасақталған хостелдің кей бөлмелерінде, тіпті, терезе де жоқ.

Қосымшада хостелде 100 төсек-орын бар екені көрсетілген. Төлем ақысы күніне 2000 теңгеден басталады. Ал айына 25 мың теңге болған. 

Айта кетейік, осы хостелде бүгін таңғы сағат 5:33-те өрт болып, 13 адам қаза тапты. 

Соңғы жаңалықтар