• RUB:
    6.32
  • USD:
    510.06
  • EUR:
    566.32
Басты сайтқа өту
Қоғам 26 Желтоқсан, 2023

Жоғалып кеткен Еуропа чемпионы табылып, туыстарымен қауышты

256 рет
көрсетілді

Бірнеше күн  бұрын Алматыдағы үйінен белгісіз бағытқа шығып, хабар-ошарсыз жоғалып кеткен әйгілі боксшы дін аман табылды, деп хабарлайды Egemen.kz  Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

14 желтоқсанда үйінен шығып, хабарсыз кеткен Серік Нұрқазов аман-есен табылды. 1959 жылы өмірге келген әйгілі боксшы Еуропа чемпионатында топ жарды. КСРО біріншілігінде үш мәрте чемпион атанды.  Әлем кубогінің күміс медалін иеленді.