• RUB:
    6.33
  • USD:
    513.74
  • EUR:
    569.17
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Наурыз, 2024

Атырауда екі жасөспірім мұз астына түсіп кетті

267 рет
көрсетілді

Бүгін Атырау қаласында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің жанында екі жасөспірім мұз астына түсіп кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.

2007 жылы туған екі жасөспірім Орал өзенінен өту кезінде мұз астына түсіп кеткені анықталды. Құтқарушылар оларды аман-есен шығарып, «103» қызметіне тапсырды.

ТЖМ мәліметінше оқиға орнына 3 құтқарушы мен 1 бірлік техника жұмылдырылған.