• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Сәуір, 2024

«2 балл». Жамбыл облысы тұрғындары жер сілкінісін сезді

Жамбыл облысының тұрғындары жер сілкінісін сезді. Жер асты дүмпулерін сейсмикалық стансалар желісі бүгін, 1 сәуірде Астана уақыты бойынша сағат 11:14-те жер сілкінісін тіркеді, деп жазады Egemen.kz. 

Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында Алматы қаласынан батысқа қарай 308 км жерде орналасқан.

Жерасты дүмпулері 2 балдық көрсеткіште Жамбыл облысының Меркі ауылында сезілген.

«Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10.2. MPV магнитудасы 5.3. Эпицентрдің координаттары 42.77° С. Е. 73.18° Ш. Б. тереңдігі 25 км. Сезілетіндігі туралы мәліметтер (ДСМ-64 шкаласы бойынша): Жамбыл облысындағы Меркіде 2 балл», делінген Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан хабарламада.Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат жоқ. Мониторинг жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар