Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Астанада аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Парламент Сенатының тұңғыш төрағасы, «Отан» орденінің иегері, академик Өмірбек Байгелдіұлының дүниеден өтуіне байланысты қоштасу рәсімі өтеді.
Рәсім 5 сәуірде сағат 10:00-де елорданың Бейбітшілік және келісім сарайында жоспарланған.
Айта кетсек, жерлеу рәсімі сол күні сағат 11:30-да Ұлттық пантеонда болады.