• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 12:05

Астанадағы мектепте атыс ұйымдастырмақ болғандар ұсталды

40 рет
көрсетілді

Кеше әлеуметтік желілерде Астанадағы №27 мектепте атыс ұйымдастыру туралы хабарламалар пайда болған еді. Жазбалар мессенджерлерге тез тарап, оқушылар мен ата-аналарды алаңдатып қойды. Осыдан кейін мектеп дереу бақылауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қалалық білім басқармасының мәліметінше, жалған ақпарат таратқан кәмелетке толмаған жеткіншектер болып шықты. Олардың жеке басы анықталып, әлеуметтік парақшалары бұғатталды. Барлық материалдар құқық қорғау органдарына тапсырылды.

Қазіргі уақытта мектептің барлық оқушыларымен профилактикалық жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде жоғары сынып оқушысының мұғалімге қол көтерген видеосы тараған еді. 

Соңғы жаңалықтар