• RUB:
    6.39
  • USD:
    510.84
  • EUR:
    579.7
Басты сайтқа өту
Қоғам 13 Мамыр, 2024

Мектеп оқулықтары 100% цифрландырылды

226 рет
көрсетілді

Қазіргі уақытта мектеп оқулықтарын цифрлық форматқа көшіру процесі 100%-ға орындалды. Оқу материалдарының барлығы мемлекеттік сараптамадан сәтті өтіп, оқу-әдістемелік кешендер тізіміне енгізілді. Цифрлық оқулықтар елдің 13 баспасы ұсынған 11 платформада әзірленіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Оқытудың инновациялық әдістерін енгізу үшін педагогтерге арналған әдістемелік ұсынымдар әзірленді. Мұғалімдер онлайн-ресурстармен жұмыс істеу дағдыларын арттыра отырып, сабақтарда цифрлық технологияларды, онлайн-коммуникацияларды белсенді пайдаланады», деп атап өтті ведомствоның білім сапасын қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Майра Мелдебекова.

Министрліктің мәліметінше, робототехника, STEM, химия, физика, биология бойынша 1 мың 345 заманауи кабинет ашу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жыл соңына дейін 20 өңірде 1 мың 072 мектеп заманауи кабинеттермен жабдықталады деп жоспарланып отыр.